378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда «Фани» дауылынан қаза тапқандардың саны артты

  • 128
Үндістанда «Фани» дауылынан қаза тапқандардың саны артты BBC.com

Үндістанның шығысында ойран салған «Фани» тропикалық циклонынан қаза тапқандардың саны артты.

Соңғы ақпаратқа сәйкес сұрапыл дауылдан 33 адам қаза тапты. Өткен аптада жылдамдығы сағатына 200 шақырымға дейін жеткен қатты жел 46 млн халық мекендейтін Орисса штатын есеңгіретіп тастады. Долы дауыл ағаштар мен үйлерді қиратып тастаған. Апат басталмай тұрып, құтқарушылар аймақтан бір миллионнан астам адамды эвакуациялап үлгерген. Демалыс күндері желдің екпіні біраз бәсеңдеді. Апаттан қатты зардап шеккен өңірлерді тазарту жұмыстары басталды. Айта кетейік, Үндістанда тропикалық дауылдардың маусымы сәуір айынан басталады.

Хабар 24 телеарнасы