379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда қарлы боранға байланысты қауіптіліктің сары деңгейі жарияланды

  • 134
Францияда қарлы боранға байланысты қауіптіліктің сары деңгейі жарияланды

Табиғаттың тосын сыйы Францияның оңтүстігіндегі тұрғындарды таң қалдырды.

Аймақтағы жауын-шашын қарлы боранға ұласты. Кей өңірлерде желдің екпіні сағатына 140 шақырымды құрайды. Табиғат апатынан аймақта қауіптіліктің сары деңгейі жарияланды. Ал Марсельде қатты желден толқындар 3 метр биіктікке көтерілген. Қолайсыз күн райына байланысты шаһарда жоспарланған велотур кейінге шегерілді. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы