379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


С. Лавров: АҚШ Венесуэладағы жағдайға араласпауы тиіс

  • 119
С. Лавров: АҚШ Венесуэладағы жағдайға араласпауы тиіс Коммерсант

Венесуэладағы төңкеріске Вашингтон күш көрсету арқылы ықпалын тигізбеуі тиіс.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров осындай пікірде. Жуырда ол венесуэлалық әріптесі Хорхе Арреасамен Мәскеуде кездескен кезде осы мәселені талқылады. Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео керісінше Венесуэла мәселесіне Мәскеу араласпауы керек деген. Айта кетейік, екі министр дүйсенбі күні Финляндияда өтетін форумда жүздеседі.

Сергей Лавров, Ресейдің сыртқы істер министрі:

– АҚШ басқарған кампания Венесуэла билігін құлату үшін қолдан келгенін жасап отыр. Бұл кампания БҰҰ бекіткен жарғыдағы халықаралық құқықтың негізгі принциптерін бұзуда. Мен Америка тарапы мен оларға қолдау көрсетіп отырған елдерді заң аясында әрекет етуге шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы