378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада әскери тікұшақ апатқа ұшырады

  • 145
Венесуэлада әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Венесуэланың Миранда штатында әскери тікұшақ апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиғадан бортта отырған 7 жасақ қаза тапты. Мерт болғандардың барлығы – Венесуэланың қарулы күштерінің офицерлері. Николас Мадуро өзінің твиттердегі парақшасында апаттан қаза тапқан әскерилердің жақындарына көңіл айтты. Әзірге апаттың не себептен болғаны белгісіз. Қазір оқиға орнында мамандар өз жұмыстарын әлі де жалғастырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы