378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп Қытай тауарларына салық құнын өсірмек

  • 138
Трамп Қытай тауарларына салық құнын өсірмек

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы жалғасып жатыр.

Дональд Трамп осы аптаның жұма күнінен бастап елге Қытайдан келген тауарлардың салығын күрт өсіретінін жариялады. Сарапшылардың айтуынша, бұл – АҚШ-тың Қытаймен кезекті сауда келісіміне келу үшін жасап отырған әрекеті. Бұған дейін Ақ үй басшысы баж салығын өсіруді бірнеше рет кейінге қалдырған болатын. Енді Вашингтон мен Пекин бір мәмілеге келмесе, Қытай нарығының Трамп қаһарынан құтыла алмасы анық. Естеріңізге салайық, соңғы 10 ай бойы Қытай АҚШ-қа құны 50 млрд доллар тұратын жоғарғы технологиялық тауарларға 25 пайыз, ал 200 млрд доллар тұратын басқа да тауарларға 10 пайыз салық төлеп келеді. 

Хабар 24 телеарнасы