378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Триполиге талас. Ливияда қарулы қақтығыстан 180-нен астам адам қаза тапты

  • 140
  • UPD: 15:21, 06.05.2019
Триполиге талас. Ливияда қарулы қақтығыстан 180-нен астам адам қаза тапты

Ливияда билікке талас әлі де жалғасып жатыр.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, маршал Халифа Хафтардың әскері Триполидегі ұлттық келісім үкіметінің штабын толықтай жойып жіберді. Естеріңізге салайық, елдің шығысын парламент пен Халифа Хафтар армиясының әскері басқарады. Ал батысы БҰҰ және Еуроодақ қолдауымен құрылған Фаиз Сарадждың ұлттық келісімінің бақылауында. Сәуір айының басында Халифа Хафтар өз әскеріне Триполиді басып алу туралы бұйрық берген болатын. Ал Сарадж болса, ел астанасын қалайда қорғап қалуға тырысып жатыр. Күні бүгінге дейін жалғасқан қарулы қақтығыстан 180-нен астам адам қаза тапты. Жуырда БҰҰ аймақтағы қарсылас топтарды гуманитарлық бітімге келуге шақырды.

Хабар 24 телеарнасы