378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шереметьеводағы ұшақ апатының ықтимал себептері аталды

  • 196
  • UPD: 17:22, 06.05.2019
Шереметьеводағы ұшақ апатының ықтимал себептері аталды

Шереметьево әуежайында Sukhoi Superjet 100 ұшағы бірнеше себепке байланысты апатқа ұшырауы мүмкін.

Олардың арасында ұшқыштар мен диспетчерлердің біліктілігінің төмендігі, ауа райының қолайсыздығы және техникалық ақаулар бар. Бұл туралы журналистерге РФ Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко хабарлады.

Птероенконың айтуынша, Шереметьевода оқиға болған жерде өткен шұғыл жиналыс барысында Александр Бастрыкин апатқа апарып соқтырған барлық себеп пен жағдайды, барлық тұлғаларды анықтауды тапсырған. Бұған дейін ТАСС-қа құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлағандай, төтенше жағдай себептерінің негізгі нұсқасы: ұшаққа найзағайдың түсуі. «Негізгі нұсқа: ұшаққа найзағай түсіп, содан кейін ұшақтың автоматикасы істен шыққан. Қонған кезде алдын ала дерек бойынша ұшып-қону жолағына екі рет соғылып, кейін өртене бастаған», - деді дереккөз. Ал найзағайдың түскенін экипаж бен жолаушылар растаған.

Хабар 24 телеарнасы