379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп мәлімдемесінен соң Қытай нарығы құлады

  • 237
  • UPD: 14:03, 07.05.2019
Трамп мәлімдемесінен соң Қытай нарығы құлады ТАСС

АҚШ президенті Дональд Трамп 10 мамырдан бастап қытай тауарларына баж салығын арттыру туралы мәлімдемесі Шанхай мен Шэньчжэньнің қор биржаларындағы негізгі индекстердің құлдырауына әкелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе телекоммуникациялық, ақпараттық технологиялар мен өндірістік нарық шығынға батты. Айта кетейік, Трамптың қытай тауарларына баж салығын 25 пайызға дейін көтеру туралы мәлімдемесі осы аптада Вашингтонда өтуі тиіс сауда келіссөздерінің алдында айтылып отыр. Ал Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Гэн Шуанның айтуынша, осы жағдайға қарамастан қытай делегациясы алдағы келіссөздерге дайындық үстінде.

Естеріңізде болса, келіссөздер өткен аптада Бейжің қаласында өткен еді.

Хабар 24 телеарнасы