378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада ұшақ апатынан 13 адам көз жұмды

  • 129
  • UPD: 13:39, 07.05.2019
Мексикада ұшақ апатынан 13 адам көз жұмды РИА Новости

Мексикада іскер авиациясының ұшағы Коауила штатындағы таулы аймақтарда апатқа ұшырады.

Оқиғадан әуе көлігінің бортында болған барлық 13 адам қаза тапты. Олардың үшеуі экипаж мүшесі. Ұшақ АҚШ-тың Лас-Вегас қаласынан шығып, Мексиканың Монтеррей қаласына бағыт алған болатын. Жолаушылардың барлығы бокстан өтетін жекпе-жекті тамашалау үшін жолға шыққан болатын. Қазір апаттың нақты себебін анықтау үшін тергеу амалдары басталды. 

Хабар 24 телеарнасы