Америкалық SpaceX компаниясы ғарышқа жүк жеткізу бойынша өзінің 17-миссиясын сәтті өткізді.
Falcon-9 зымыран-тасығышы Dragon жүк кемесін халықаралық ғарыш станциясына жеткізді. Қазір ол жақта 6 ғарышкер бар. Dragon капсуласы енді ғарыш станциясында бір айдай болып, кейін зерттеу материалдарымен қайта Жерге оралады.