378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта король құрметіне дрондар шоуы ұйымдастырылды

  • 108
  • UPD: 13:38, 07.05.2019
Таиландта король құрметіне дрондар шоуы ұйымдастырылды

Бангкокта монарх Х Раманы таққа отырғызу рәсімі өтті.

Ауқымды шараға келгендерді әуедегі 300-ден астам ұшқышсыз ұшатын аппараттардың шоуы таңқалдырды. Алдымен дрондар ел картасының пішінінде тұрып, кейін Таиланд туының бейнесінде түзіліп, «Король жасасын!» деген ұран жазды. Олардың үйлесімді қозғалысы компьютер арқылы басқарылды. Осылайша Таиланд халқы үш күнге созылған жаңа корольді құттықтау мерекесін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы