379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехия халқы әділет министріне қарсы ереуілге шықты

  • 145
  • UPD: 14:05, 07.05.2019
Чехия халқы әділет министріне қарсы ереуілге шықты

Чехияның Прага қаласында мыңдаған тұрғын елде жаңадан сайланған әділет министрі Мария Бенешоваға қарсы ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиналған жұрт Бенешова  елдің премьер-министрі Андрей Бабиштың қылмыстық ісіне араласып, оған қолдау көрсетуі мүмкін деп алаңдаушылық білдіріп отыр. Наразылық акциясы екі апта бойы жалғасуда.

Естеріңізге салайық, Чехияның премьері Андрей Бабиш – агроөнеркәсіп кешені саласындағы ірі бизнесмен. Ол  осыдан он жыл бұрын Еуропа одағынан шағын бизнесті дамыту үшін алаяқтылық жолмен екі миллион еуро көлемінде субсидия алды деп айыпталып жатыр. Субсидия алу кезінде заң бұзылғанын Еуропаның алаяқтықпен күрес бюросы да растаған. Ал Бабиш болса тағылған айыпты мойындамай, оның саяси астары бар деген пікірді алға тартады.

Хабар 24 телеарнасы