378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұлда қайта сайлау өтеді

  • 140
Ыстамбұлда қайта сайлау өтеді

Түркияның орталық сайлау комиссиясы Ыстамбұлдағы жергілікті сайлау нәтижесінің күшін жойды.

Бұған елдегі Әділет және даму партиясы берген арыз себеп болып отыр. Партия өкілдері шағым хатта сайлау кезінде жіберілген құқық бұзушылықтарды тізіп шыққан. Оның ішінде бірқатар сайлау учаскесіндегі комиссия мүшелерінің мемлекеттік қызметкерлерден жасақталмағаны және 22 хаттаманың жоқтығы жазылған. Бұл туралы Әділет және даму партиясының орталық сайлау комиссиясындағы арнайы өкілі Режеп Өзел хабарлайды. Жергілікті сайлау енді 23 маусым күні өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 31 наурызы күні өткен  жергілікті сайлауда Республикалық халық партиясының кандидаты Экрем Имамоғлұ халықтың 48,8% дауысын жинап жеңіске жеткен болатын. Ал оның бас қарсыласы Әділет және даму партиясының үміткері Бинали Йылдырымға сайлаушылардың 0,3 процент кем дауыс берген. Осылайша 25 жыл араға салып, мегаполис оппозициялық партияның басқаруына өткен еді.

Режеп Өзел, Әділет және даму партиясының орталық сайлау комиссиясындағы арнайы өкілі:

- Ыстамбұлдағы жергілікті сайлау қорытындысына қатысты 9 баптық шағым хатты орталық сайлау комиссиясына ұсындық. Шамамен 6500 сайлау учаскесінің басшысы мен сайлау комиссиясының құрамындағы 13 мыңға жуық кісінің мемлекеттік қызметкерлерден жасақталмағанын анықтадық. Сондай-ақ 22 хаттама мен бірқатар құжаттар жарамсыз деп табылды.

Хабар 24 телеарнасы