378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Катар палестиналықтарға қаржылай көмек көрсетпек

  • 112
Катар палестиналықтарға қаржылай көмек көрсетпек NewInform

Катар Газа Секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы тұрғындарға 480 млн доллар қаржылай көмек көрсетеді.

Бұл шешімнің қабылдануына Палестина мен Израиль арасындағы қарулы қақтығыстың ушығуы себеп болды. Елдің сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бөлінген қаржының 300 млн-ы денсаулық сақтау мен білім беру саласына бағытталса, қалған сома аймақтағы гуманитарлық бағдарламалардың жүзеге асуына жұмсалады. Естеріңізге салайық, Израиль Газаға бірнеше күннен бері оқ жаудырып жатыр. Соңғы ақпарат бойынша, қанды қырғыннан 30-дан астам адам көз жұмды. Тағы шамамен 160 тұрғын жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы