389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда сайлау нәтижелеріне қатысты наразылық акциясы басталды

  • 446
  • UPD: 22:13, 07.05.2019

Ыстамбұл мэрін сайлаудың нәтижелері жарамсыз деп табылуына байланысты наразылық акциялары басталды.

Жергілікті тұрғындар қолдарына темір таба ұстап, көшеге шыққан. Сайлау қорытындысына наразы жұрт қарсылығын осылай білдірді. Ал Орталық сайлау комитеті өкілдерінің айтуынша, мұндай шешімге ондаған мың адамның дауыс беру құқығының болмауы себеп. Енді кезекті сайлау 23 маусым күні өтеді. Естеріңізге сала кетсек, Түркияда қала әкімінің сайлауы 31 наурызда өтті. Нәтижесінде оппозициялық Халықтық-республикашылдар партиясының өкілі Экрем Имам-оғлұ жеңіске жеткен болатын. Ол Режеп Тайып Ердоған басқаратын Әділет және даму партиясы өкілінен басым түсті. Сөйтіп сәуір айында аталған саясаткер қызметіне кірісті.

Хабар 24 телеарнасы