379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэладан Бразилияға қоныс аударғандар саны 14 мыңға жеткен

  • 149
Венесуэладан Бразилияға қоныс аударғандар саны 14 мыңға жеткен OV - Business News

Бразилиялық Пакарайма қаласының билігі Венесуэладан келіп жатқан босқындарды қабылдау үшін бюджет қаржысын ұлғайтуды сұрады.

Қала басшысы Жулиано Торкуатудың айтуынша, көрші елден Бразилияға қоныс аударып жатқандар саны соңғы айда 14 мыңға жеткен. Соның салдарынан шығын көбейіп, қала бюджеті сарқыла бастаған. Енді үкімет қолдау көрсетпесе, муниципалитетті дағдарыс жайлауы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, Венесуэлада соңғы жылдары жағдай қиындап, ұлттық валюта құнсызданды. БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, осы уақытқа дейін бұл елден 3 жарым миллионнан аса адам қоныс аударыпты.

Хабар 24 телеарнасы