378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі компаниялар Лондонда қазақстандық студенттерге бос орындар жәрмеңкесі өткізді

  • 126
  • UPD: 08:52, 08.05.2019

«Қазатомөнеркәсіп», «Қазпошта», «Шелл Қазақстан» сияқты жетекші отандық компаниялар Ұлыбританияда жоғарғы оқу орындарында оқып жатқандар арасынан жас таланттарды іздеді.

Студенттер ірі қазақстандық жұмыс берушілердің өкілдерінен естігендерін көкейлеріне түйіп жатыр. Бірі ноутбукке түртіп алса, енді бірі ұялы телефонына видео түсірумен әлек. Бұл күні Ұлыбританиядағы қазақстандық 100-ге жуық студент жұмысқа қабылдау талаптары мен тәртіптері туралы жұмыс берушіден тікелей ақпарат алуға мүмкіндік алды.

Ақмарал Найзабекова, «Қазпошта» АҚ Қызметкерлер жөніндегі басқарушы директоры:

- Шындығына келгенде, студенттерді отанына қайтару бойынша жақсы бір идея бар. Жастарды елге оралтып, зор нәтижеге қол жеткіздіре алатын Google мен Amazon сияқты біз де компаниялар бар екеніне сендіргіміз келеді.

Шараның өткізілуіне ұйытқы болғандар: Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі және қазақстандық студенттік қауымдастығы. Олар жәрмеңкенің қазақстандық компанияларды жоғары сапалы кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Бұл өз кезегінде ел экономикасының дамуына зор үлес қоспақ.

Әлия Сембаева, Ұлыбританиядағы қазақстандық PhD Қауымдастықтың президенті:

- Қазір шетелдерге кетуші жастар көп. Ал біз керісінше олардың елге оралып, экономикамызды гүлдендіруге үлес қосқандарын қалаймыз.

Рамина Ибрагимова, SOAS университетінің студенті:

- Ия, келешекте мен отандық және шетелдік компаниялардың ұсыныстарын қарастыруды жоспарлап отырмын. Қазақстанға ораламын деген сенім басым. Өйткені біздің ел дамудың жаңа белесін бастан кешіп жатыр.

Мұндай шара Лондонда екінші рет өткізіліп отыр. Биыл ол Жастар жылына арналды. Ұйымдастырушылар жастардың дұрыс таңдау жасап, армандаған қызмет иесі болатындығына сенімді.

Авторлары: Ғалымжан Қараманұлы, Аяна Заман

Хабар 24 телеарнасы