378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бакуде Түркі кеңесінің елдері ақпарат саласындағы ынтымақты талқылады

  • 63
  • UPD: 09:20, 08.05.2019

Бакуде өткен кездесуде Түркі Кеңесіне мүше елдер ақпарат пен медиа салаласындағы ынтымақтастықты талқыға салды.

Басқосу барысында түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті туралы фильмдер түсіру,  медиа саласының өкілдеріне треннингтер мен форумдар ұйымдастыру мәселесі қозғалды. Шараға Қазақстан, Әзербайжан, Түркия мен Қырғызстан өкілдері қатысты.

Бұл ақпарат саласындағы министрлер деңгейінде өткен екінші кездесу. Алғаш рет 2015-жылы Қазақстанда бас қосқан еді. Кездесуде көптеген ұсыныстар жасалды, бірақ бәрінің мақсаты бір -түркі елдеріне ортақ ақпарат кеңістігін құру. Бұған бірлесіп телебағдарламалар, дерек фильмдер жасау және ақпарат алмасуды белсендету жолымен жетуге болады.

Марат Әзілханов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

- Түркітілдес елдердің телеарналары мен ақпараттық агенттіктерінің өзара әрекеттесуне қатысты көп мәселені қозғадық. Атап айтсақ, Қазақстан тарапы Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын дамыту ретінде түркі әлемі туралы дерек фильм түсіруді ұсынған. Бұл жобаны «Хабар» Агенттігі ұсынып отыр. Сондай-ақ, 118 елде хабарын тарататын «Қазақ ТВ» телеарнамыз туралы айттық. Әріптестеріміз осы арнаны өз елдерінде тарату ұсынымызды ойға түйді.

Қазақстан түркітілдес елдердің журналистерін қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтетін медиафорумға қатысуға шақырды. Сонымен қатар бұл күні ақпарат саласында өзара қолдау көрсетудің тұстары, бірлесіп түркі мәдениетін бүкіл әлемге таныстыру мәселелері қарастырылды.

Али Гасанов, Әзербайжан президентінің көмекшісі:

-Бартер негізінде Түркі Кеңесіне мүше елдер кабель жүйелері арқылы қоғамдық және мемлекеттік телеарналар хабарларын таратуды талқыға салдық. Қарастырылған тағы бір мәселе ақпарат саласында еларалық ынтымақтастықты күшейту. Жаһандық ақпарат кеңістігінде бір бірімізді қолдауымыз керек.

Қарастырылған тағы да бір маңызды мәселе - бірыңғай түркі телеарнасын құру. Жобаны қазір жұмыс істеп жүрген арналардың бірінің негізінде құру мүмкіндігі қарастырылды. Кеңес шешімі бойынша бұл талқылаулар Қырғызстанда өтетін келесі басқосуда жалғасын табады.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы