Соңғы аптаның ішінде Идлиб пен Хама провинциясынан 150 мыңнан астам адам босып кетті.
Бұл туралы БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы хабарлайды. Аймақтағы атыс-шабыстың кесірінен 80 бейбіт тұрғын қаза тапты, 300-ге жуық адам жараланды. Сонымен қатар өңірдегі 10 мектеп пен бірнеше медициналық мекеменің тас талқаны шықты. Айта кетейік, аймақтағы радикалды топтар атыс-шабысты тоқтату режимін бірнеше рет бұзған. Сирияның үкімет әскері болса Идлиб пен Хама провинциясындағы лаңкестерге қарымта соққы жасап жатыр. Салдарынан бейбіт тұрғындар жапа шегуде.