378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран ядролық келісімшарттың міндеттемелерін орындаудан бас тартты

  • 121
Иран ядролық келісімшарттың міндеттемелерін орындаудан бас тартты

Иран 2015 жылы қол қойған ядролық келісімшарттың кей міндеттемелерін орындаудан бас тартты.

Ел президенті Хасан Рухани арнайы мәлімдеме жасады. Ядролық келісімге сай Иран байытылған уранды ел ішінде қалдырмай, сырт мемлекеттерге сатып отыруы тиіс болатын. Ресми Тегеран осы міндетті орындаудан бас тартып отыр, оны «60 күнге уақытша тоқтатамыз» дейді. Өйткені жаңағы келісімді бекіткен өзге елдер мұнай және банк саласына қатысты өз міндеттерін орындамай отырған көрінеді.

Естеріңізге салайық, Дональд Трамптың шешімімен АҚШ бұл келісімнен өткен жылдың мамырында шығып кетіп, ізінше Иранға қарсы санкцияларын жаңартқан. Өзге елдер келісімнен шыққан жоқ.

Хабар 24 телеарнасы