378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еурокомиссия басшысы соңғы бес жылдағы қызметі жөнінде есеп берді

  • 97
  • UPD: 22:14, 08.05.2019
Еурокомиссия басшысы соңғы бес жылдағы қызметі жөнінде есеп берді

Еуропарламент сайлауы мен Румынияда өтетін Еуроодақтың бейресми саммиті қарсаңында Еурокомиссия одақтың 2024 жылға дейінгі дамуы бойынша бірқатар саяси нұсқау әзірледі.

Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер мәлімдеді. Брюссельде өткен баспасөз маслихатында ол соңғы бес жылдағы қызметі жөнінде есеп берді.

Жан-Клод Юнкер, Еурокомиссия басшысы:

- Бүгінде Еуроодақ өз тәжірибесінен сабақ алып, жеткен табыстарына сүйеніп, болашаққа бағдар жасауы тиіс. Алдымызға мақсат қойып, Еуроодақтың жаһандағы орнын күшейтуіміз керек. Ал Қытаймен сауда қатынастарымызға келетін болсақ, әлемдік саудадағы мәселелер АҚШ пен Қытай арасындағы текетіреске байланысты. Егер жақын арада осы екі ел арасындағы сауда дауы реттелмесе, Атлант мұхитының қос жағасы және бүкіл әлемдегі инвестициялық ахуал нашарлайды.

Хабар 24 телеарнасы