378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбритания Еуропалық парламент сайлауына қатысуы мүмкін

  • 93
Ұлыбритания Еуропалық парламент сайлауына қатысуы мүмкін BBC

Ұлыбританияның Еуропалық парламент сайлауына қатысуы мүмкін екенін Үкімет істері жөніндегі министр Дэвид Ливингстон мәлімдеді.

Себебі елдегі саяси күштер Еуроодақтан шығу туралы келісімге әлі келмеген. Яғни Біріккен корольдік додаға қатысуға мәжбүр болмақ. Ал сайлау мамырдың 23-і мен 26-сы аралығында өтуі тиіс. Айта кетейік, сәуірдің 10-ы күні Брюссельде Еуроодақ саммиті өтіп, Ұлыбританияның ұйымнан шығу күні қазанның 31-не дейін шегерілді. Бірақ Тереза Мэй үкіметі брексит бойынша оппозициялық партиямен ортақ шешімге келіп жатса, Лондон одақтан ерте шығуға өтініш бере алады.

Хабар 24 телеарнасы