389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея Пхеньянға гуманитарлық көмек көрсетпек

  • 335
Оңтүстік Корея Пхеньянға гуманитарлық көмек көрсетпек gr-sily.ru

Оңтүстік Корея БҰҰ-мен бірлесіп Солтүстік Кореяға гуманитарлық көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.

Бұл туралы осы елдің Біріктіру министрі Ким Ён Чхоль мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен жылғы құрғақшылыққа байланысты көрші бауырлас елде азық-түлік тапшылығы күшейген. Ал БҰҰ 25 миллион тұрғыны бар мемлекетте халықтың 40 пайызына азық-түлік жетіспейді, сондықтан елде аштық болуы мүмкін дегенді айтады. Бірер күн бұрын Оңтүстік Корея басшысы жағдайды АҚШ президенті Дональд Трамппен талқылап, ол гуманитарлық көмекке қолдауын білдірген.

Хабар 24 телеарнасы