379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алтайда қар көшкіні астында қалғандардың мәйіттері қайта іздестіріліп жатыр

  • 362
  • UPD: 09:56, 09.05.2019
Алтайда қар көшкіні астында қалғандардың мәйіттері қайта іздестіріліп жатыр vestikavkaza.ru

Құтқарушылар Алтай Республикасы Оңтүстік Алтай жотасында қар көшкінінен қаза тапқан туристердің денелерін іздестіру жұмыстарын қайта бастады.

Бұл туралы RT хабарлайды.

«Төтенше жағдай орнында 30 құтқарушы жұмысты жалғастырып жатыр. Ол жерде Ми-8 тікұшағы күзетуде», делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Алтайда қар көшкіні салдарынан үш адамның денесі табылған болатын. Топта барлығы 9 адам болған – екі қыз аман қалды, олар өздігімен жақын маңдағы елді мекенге жетіп, төтенше қызметтегілерге хабарласқан.

Хабар 24 телеарнасы