378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ерлі-зайыптылар 2 млн-нан астам ағаш отырғызып, тұтас орманды қалпына келтірді

  • 88
  • UPD: 17:30, 09.05.2019
Ерлі-зайыптылар 2 млн-нан астам ағаш отырғызып, тұтас орманды қалпына келтірді life.ru

 Бұл туралы Life.ru хабарлайды.

Себастьян Салгаду есімді бразилиялық фотограф мен оның жұбайы Лелия 20 жыл бұрын жазық далада тұратын, ал қазір олардың үйін тропикалық орман қоршап тұр.

90-шы жылдары Себастьян мен Лелияға Бразилиядағы Аймореш қаласына жақын маңдағы ферма мұраға қалдырылады. Ғасырлар бойы ормандағы ағаштар кесіліп, темір руда өндірілген ол жер қараусыз қалған болатын.

Ерлі-зайыптылар бір кездері Риу-Доси өзенінің бойында өскен тропикалық орманды қалпына келтіруді ұйғарған. 1998 жылы олар Instituto Terra экологиялық ұйымның негізін қалайды.

Демеуші тапқаннан кейін олар кішігірім ынталы команда құрып, 20 жыл ішінде сол жерге 2 миллионнан астам ағаш пен бұта егеді. Жұбайлар сол маңға 300-ден астам өсімдік түрін қайта егеді.

Себастьян мен Лелия орманды қалпына келтіргеннен кейін жан-жануарлар да тұрақтана бастаған. Қазір жоталар ғана болмақ аймаққа құстың 172 түрі мен 33 түрлі сүтқоректі өмір сүреді.

Хабар 24 телеарнасы