379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде майдангерлер құрметіне 16 жерде отшашу болады

  • 114
  • UPD: 21:43, 09.05.2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жеңістің 74 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты. Елбасы Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңдағы шараға құрметті қонақ ретінде барды.

Парад басталмас бұрын Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин соғыс ардагерлеріне қошемет білдірді.

Дана Нұржан, тілші: 

- Бүгінгі күннің ең басты шарасы әрине Қызыл алаңдағы әскери шеру. Мәскеуде жауын жауып тұр. Бұлттарды тарату ісі нәтиже бермеген сияқты. Ұшақтар әуеге көтерілмейтін болды. Әйтсе де Қызыл алаңнан 13 мың сарбаз бен 130 дана техниканың шеруін тамашалауға болады. Жалпы мұндай шаралар 29 қалада өтеді. Ескерткіштерге гүл қойылып, мерекелік концерттер де ұйымдастырылады.

Мерекелік шеру бір минут үнсіздікпен басталды.

Бұл күннің батырлары ардагерлер. Олардың қатары сиреп барады. Алайда қаһармандардың өр рухы бүгінгі ұрпаққа ерекше сезім сыйлады. Мінбеде тоқсан, тіпті жүз жылдықтың  межесін әлдеқашан аттап қойған майдангерлер. 

Борис Шапошников, ҰОС ардагері:

- Окопта тек орыстар ғана емес, Қазақстаннан да болды. Президенттеріңізге Ресеймен байланысты сақтағаны үшін, жалпы бірлестігі үшін алғыс білдіреміз. Қазақстан халқына бақыт тілейміз.

Павел Остапкин, генерал-лейтенант:

- Көпұлтты еліміз, Кеңес заманында иық тіресіп Отанымызды қорғаған азаматтармен мақтанамыз. Даңқы асқақтай берсін!

Дана Нұржан, тілші:

- Ресейдің барлық қаларында 9 мамыр - Жеңіс күні жаппай аталып өтеді.  Ол қалың елге ортақ мереке ғана емес, өткенде еске түсіретін, жадыны жаңғыртатын, әрбір жанның терең сезімін тербейтін айтулы дата. Өйткені соғыс жарасы әлі жазылған жоқ.

Варвара Липманн, Мәскеу қаласының тұрғыны:

- Екінші дүниежүзілік соғыс бізге де әсерін тигізді. Өкінішке орай, шаңырағымызға қайғы әкелді. Менің соғыс көрген ата-анам әлі де бар. Мен бір жағынан олармен ашық аспан - бейбішілік заманда өмір сүріп отырғаныма бақыттымын.

Андрей Степанов, Мәскеу қаласының тұрғыны:

- Мен атамнан не үшін соғыстыңыз деп сұрасам, ол: «сендер өмір сүрсін деп соғыстық» деп жауап береді. 

Бұл күн отшашумен аяқталады. Артиллериялық салюттер Мәскеудің 16 жерінен, ал ең үлкені Жеңіс алаңындағы таулардан атылмақ.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы