389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сириядағы соғыс өршіп барады

  • 374
  • UPD: 10:04, 10.05.2019
Сириядағы соғыс өршіп барады Vesti.Ru

Сирияда қарулы қақтығыстардың басылар түрі жоқ.

Соңғы тәулікте лаңкестер Латакия мен Хама провинциясындағы 11 елді мекенге зымыранмен соққы берген. Қан төгістен нақты қанша адамның қаза тапқаны әзірге белгісіз. Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бомбылаудың салдарынан Идлиб провинциясында ауруханалар мен басқа да ғимараттардың тас-талқаны шықты.

Айта кетейік, елде өршіп тұрған атыс-шабыстың кесірінен соңғы аптаның ішінде Идлиб пен Хама провинциясынан 150 мыңнан астам адам босып кетті. Аймақтағы радикалды топтар атыс-шабысты тоқтату режимін бірнеше рет бұзды. Ал Сирияның үкімет әскері болса лаңкестерге қарымта соққы жасауды жалғастырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы