379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада оппозиция жетекшісінің бірі қамауға алынды

  • 137
  • UPD: 08:10, 10.05.2019
Венесуэлада оппозиция жетекшісінің бірі қамауға алынды Zik

Венесуэлада қауіпсіздік қызметі оппозиция жетекшісінің бірі Эдгар Самбраноны қамауға алды.

Арнайы қызмет өкілдері ұлттық ассамблеяның вице-спикерін көлікпен кетіп бара жатқанда ұстады. Билік оған сәуірдің 30-ы күні елде төңкеріс жасауға қатысты деген айып тағып, бірер күн бұрын депутаттық мандатынан айырды.

Айта кетейік, Венесуэла оппозициясы сәуірдің 30-ы мен мамырдың 1-і күні елде Мадуро билігіне қарсы жаппай наразылық шеруін ұйымдастырып, оны биліктен кетіруге талпыныс жасады. Бірақ әскерилердің қолдамауынан көтеріліс сәтсіз аяқталып, 10 оппозиция жетекшісіне қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы