378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Иранның ядролық бағдарлама бойынша жасаған ұсыныстарын қайта қарамақ

  • 66
  • UPD: 12:46, 10.05.2019
Еуроодақ Иранның ядролық бағдарлама бойынша жасаған ұсыныстарын қайта қарамақ MIGnews

Еуроодақ көшбасшылары Румынияда өткен бейреси саммитте Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жасаған ұсыныстарын Еуроодақ кеңесінің отырысында қайта талқыламақ.

Мәселен, жуырда Иран ядролық келісім аясындағы міндеттемелерінің кейбірін орындаудан бас тартқан болатын. Енді Тегеран байытылған уранды сатуды тоқтатпақшы. Бұл шешімі туралы келісімдегі өзге елдер де ескертілді. 

Естеріңізге салайық, өткен жылы АҚШ президенті Дональд Трамп, Вашингтон келісімнен шығатынын айтып, Тегеранға қарсы санкцияларды қайта жандандыратынын мәлімдеген болатын. Өзге жақтастары болса әлі күнге дейін құжатты өз күшінде қалдыру үшін тырысып бағуда.

Хабар 24 телеарнасы