Сирияның үкімет әскері Хама провинциясындағы 3 елді мекенді террорлық топтың бақылауынан босатты.
Енді үкімет жасағы стартегиялық маңызды аймақ болып саналатын Хан-Шейхун қаласын да радикалдардан азат етпек. Егер жоспар іске асса, лаңкестердің жауып тастаған Хама-Алеппо тас жолы қайта жанданатын болады.
Айта кетейік, аймақтағы радикалды топтар атыс-шабысты тоқтату режимін бірнеше рет бұзды. Ал Сирияның үкімет әскері лаңкестерге қарымта соққы жасауды жалғастырып жатыр.