378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай АҚШ-тың салықты көтеру шешіміне қарсы шара қолданбақ

  • 127
  • UPD: 18:00, 10.05.2019
Қытай АҚШ-тың салықты көтеру шешіміне қарсы шара қолданбақ ZERKALO.AZ

Бейжің АҚШ-тың Қытай тауарларына салықты көтеру шешіміне қарсы шара қолданады.

Мұндай мәлімдеме Қытай Сауда министрлігінде жасалды. Алайда соған қарамастан, Вашингтонда өтіп жатқан сауда келіссөздерінде тараптар аталған мәселе төңірегіндегі келіспеушіліктерді реттейтіндеріне үміт білдірді. Естеріңізде болса, өткен жексенбіде Трамп 10 мамырдан бастап Қытайдан келетін тауарларға салық мөлшері 10 пайыздан 25 пайызға дейін өсетінін мәлімдеген еді. Өз кезегінде Қытай делегациясының басшысы Лю Хэ Дональд Трамп жариялаған жаңа салық түрі мәселені шешпейтінін алға тартып, оның АҚШ-қа да, Қытайға да тиімсіз екенін мәлімдеген болатын.

Хабар 24 телеарнасы