379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сириядағы тұрғын үйлердің 70% қираған

  • 129
Сириядағы тұрғын үйлердің 70% қираған salamnews.org

Сирияда кескілескен шайқас қайта басталып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкіметтік әскер қарулы жасақтардың соңғы тірегі саналатын Идлиб провинциясында шабуылға шықты. Жаяу әскер қимылына ауыр артиллерия мен танктер қолдау беріп, Ресей мен Сирия ұшақтары жасақшылардың бекіністерін бомбалап жатыр. Халықаралық қауымдастық өкілдері көптеген бейбіт тұрғынның қазасына әкелуі мүмкін осы шабуылды доғаруды талап етіп отыр. Алайда Дамаск райынан қайтпай тұр. Жанжалға қатысқан тараптар саны да азайған жоқ. Дональд Трамптың мәлімдемелеріне қарамастан, АҚШ өз әскерін шығаруға асықпай отыр. Олар кеткен жағдайда өздеріне одақтас күрдтерге шабуыл жасалатынынан қауіптенуде. Елдің солтүстігін өз бақылауында ұстап тұрған күрд жасақтарына қарсы Түркия жаулас. Ресей ұшақтары да әскери қимылға қатысып отыр. Израиль болса, Иран мен Хезболланың нысандарына дүркін-дүркін соққылар жасап жүр. 

Виктор Верцнер, әскери сарапшы:

– Израиль асуға болмайтын межелерді белгілеп, ол туралы осы жанжалға қатысқан барлық тарапқа хабарлаған болатын. Менің ойымша, бәрі осыны түсініп отыр және жасаған түрлі мәлімдемелеріне қарамастан, әрекеттері сол қалпы жалғаса береді.

Сириядағы жағдайды ушықтырып отырған тағы да бір мәселе – босып жүрген миллиондаған адам. Оралайын десе, көбінде тұратын баспана жоқ. Құқық қорғаушы ұйымдардың мәліметінше, соғыстан Сириядағы тұрғын үйлердің 70 проценті қираған. Алеппо секілді кейбір қалаларда тіпті бүтін бірде-бір ғимарат қалмапты. Сол себептен, абырой болып, ұрыс тоқтаған жағдайда да, Сирия үкіметіне тұрғындарын баспанамен қамту қиын мәселе болмақ.

Хабар 24 телеарнасы