378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда мұнай базасындағы өрттен 2 адам зардап шекті

  • 118
Қырғызстанда мұнай базасындағы өрттен 2 адам зардап шекті eadaily.com

Қырғызстанның Жалал-Абад қаласындағы мұнай базасында өрт шығып, екі адам зардап шекті.

Бірі 1995 жылғы жергілікті тұрғын болса, екіншісі – өрт сөндіру қызметкері. Екеуін де күйік шалып, ауруханаға түскен. Ел билігінің мәлімдеуінше, өртпен күрес әлі де жалғасып жатыр. Оны сөндіру үшін көршілес Ош облысынан құтқарушылар жұмылдырылған. Қазіргі таңда оқиға орнында ондаған өрт сөндірушілер тобы жұмыс істеп жатыр. Айта кетсек, бұған дейін өрт болған аймақтан екі мың адам эвакуацияланған еді.

Хабар 24 телеарнасы