378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда 2020 жылғы Олимпиадаға билет сату басталды

  • 122
  • UPD: 09:04, 11.05.2019

Жапонияда 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының билеттері сатылымға шықты.

Алайда әзірге ол тек жергілікті халық үшін ғана қолжетімді. Ал шетел азаматтары кіру билеттерін тек маусымның 15-інен бастап сатып ала алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, төрт жылда бір болатын додадағы ең арзан билеттер бағасы шамамен 20 евроны құрайды. Ал ең қымбаты Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысуға мүмкіндік береді. Оның құны 2400 евро шамасында. Айта кетейік, Токиодағы Олимпиада ойындары 2020 жылы 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы