378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі тағайындалды

  • 55
  • UPD: 08:51, 11.05.2019

Президент Эммануэль Макрон тағайындаған арнайы өкіл Франция мен Қазақстан арасында ынтымақтастықты нығайтумен айналысады.

Бұл міндетті Шуазель зерттеу институтының басшысы, белгілі экономист әрі саясаткер Паскаль Лороға тапсырылды. Франция еліміздің ең ірі сауда серіктестері мен инвесторларының бірі. Бұл ел алғаш болып 2008 жылы Қазақстанмен стратегиялық серіктестік жөнінде келісімге қол қойған. Паскаль Лороның мәлімдеуінше, Франция технологиялар мен тәжірибе алмасу арқылы өндірістің болашағы зор салаларында әрітптестігін күшейтуге ниетті.

Паскаль Лоро, Францияның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі:

- Елдеріміз арасында тығыз экономикалық байланыс орнағаны түсінікті, алайда саясатта да Франия Қазақстанмен үнемі бірге болатын.  2017 жылы ЭКСПО өткізу бойынша Астана, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласын қолдап едік. Сондай-ақ Франция БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан мүшелігіне де қолдау көрсеткен. Франция болашақта да Қазақстанның халықаралық сахнада ролінің артуына көмек көрсетуге ниетті.

Хабар 24 телеарнасы