378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нотр-Дам шіркеуінің айналасындағы жер қабатында қорғасын мөлшері артқан

  • 74
  • UPD: 10:51, 11.05.2019
Нотр-Дам шіркеуінің айналасындағы жер қабатында қорғасын мөлшері артқан

Сәуір айында өртке оранған Нотр-Дам шіркеуінің айналасындағы жер қабатында қорғасын мөлшері артқан.

Бұл туралы Париж полициясы хабарлады. Мамандардың мәліметіне сай, 1 келі топырақ құрамында 10-20 грамм металл бар көрінеді. Өз кезегінде, бұл көрсеткіш 0,3 граммнан аспауы тиіс. Осыған байланысты Франция астанасының билігі шіркеуге жақын тұратын тұрғындарға жүйелі түрде ылғалды тазалау жұмыстарын жасап, балаларға арналған ойыншықтарды жуып тұруға кеңес беруде. Естеріңізге сала кетсек, Париждің танымал шіркеуі 15 сәуірде өртенген болатын. Салдарынан ғимараттың мұнарасы құлаған еді. Дегенмен, Франция Президенті Эммануэль Макрон 5 жыл ішінде шіркеуді қайта қалпына келтіретінін мәлімдеген болатын. Бұған қоса бұл іске халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялар да атсалысуға ниет білдірген еді.

Хабар 24 телеарнасы