379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбияның отшашу фабрикасында жарылыс болды

  • 90
  • UPD: 11:04, 11.05.2019
Колумбияның отшашу фабрикасында жарылыс болды

Колумбия астанасы Боготада отшашулар шығаратын фабрикада жарылыс болып, 4 адам қаза тапты.

Тағы 26 тұрғын жарақат алды. Жарылыстан өндіріс ошағына жақын тұрған 17 үй бүлініп, 1 жүк көлігі аударылып қалған. Алдын ала тергеуге қарағанда төтенше оқиға фабрикада ұлттық ойын үшін о-дәріні пайдалану кезінде туындаған. Қазір жарылыстың себептері нақтыланып, тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, бірер күн бұрын Колумбияның Ремедиос өңіріндегі алтын өндіру кенінде жарылыс болып, 19 адам жарақат алған.

Хабар 24 телеарнасы