378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Айға қонатын құрылғының жобасы таныстырылды

  • 121
  • UPD: 11:49, 11.05.2019

Миллиардер Джефф Безостың Blue Origin компаниясы көпшілікке айға қонатын модуль жобасын таныстырды.

Аталған модуль 2024 жылы Жер серігіне жіберілуі мүмкін. Осыған орай конструкторлар алғашқы сынақтарды осы жылдың жазынан бастамақ. Жалпы, миссияның мақсаты - Айдың оңтүстік полюсінде орналасқан Шеклтон кратеріне жету. Безостың айтуынша, Blue Moon модулі ол жаққа 6,5 тонна жүк жеткізуге қауқарлы. Сондай-ақ Ай орбитасына шағын жасанды серіктер де ұшыра алады. Айта кетсек, енді аталған компания ұшқышы жоқ және ұшқыш басқаратын нұсқаларды жасауды қолға алмақ.

Хабар 24 телеарнасы