378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп Қытаймен келіссөзді жалғастырады

  • 111
  • UPD: 11:42, 11.05.2019
Трамп Қытаймен келіссөзді жалғастырады

АҚШ Қытайдан әкелінтін тауарларға баж салығын өсіргенге қарамастан екі жақты сауда келіссөзі жалғасатын болды.

Бұл туралы президент Дональд Трамп твиттердегі парақшасында жариялады. Ақ үй қожайыны айтуынша, келіссөз жемісті болып жатса Қытайдың кей өнімдері салықтан босатылуы мүмкін. Еске сала кетейік, кеше АҚШ Қытайдан импортталатын тауарларға салынған баж салығының мөлшерін 10 пайыздан 25 пайызға дейін өсірді. Бұдан бөлек президент Трамп Қытайдан тасымалданатын өзге де тауарларға салық салу жағын қарастыруға бұйрық берген. Бейжің Вашингтонның шешіміне қынжылыс білдіріп, қарымта жауап беретінін жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы