379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хьюстонды топан су басты

  • 85
  • UPD: 14:47, 11.05.2019
Хьюстонды топан су басты

АҚШ-тың Хьюстон қаласында бұршақ аралас жаңбыр жауып, шаһардың көп ауданын су басты.

Қаланың халықаралық әуежайында ұшақтар сапарға аттана алмай, көлік қатынасы тұралаған. Көлемі гольф тобындай бұршақтан жүздеген көліктің талқаны шыққан. Ал жауын-шашынның деңгейі кей жерлерде 15 сантиметрге дейін жеткен. Әзірге табиғат апатынан жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазір шаһарда құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы