389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекия парламенті Алексис Ципрасқа сенім білдірді

  • 335
  • UPD: 15:19, 11.05.2019
Грекия парламенті Алексис Ципрасқа сенім білдірді

Грекия парламенті Премьер-министр Алексис Ципрас үкіметіне сенімсіздік таныту туралы мәселені дауысқа салып, оппозиция ұсынысын қолдамай тастады.

Сөйтіп, «Жаңа демократия» партиясының Ципрас үкіметін отставкаға жіберу туралы шағымын кері қайтарды. Дау Денсаулық сақтау жөніндегі министр орынбасарының мүгедекке қатысты сөзінен туындаған еді. Алайда Ципрас мәселені парламенттің қарауына ұсынды. Айта кетейік, Грекияда қазан айында парламенттік сайлау өтуі тиіс. Қазір сауалнамаға қарағанда Алексис Ципрастың «СИРИЗА» партиясы «Жаңа демократиядан» 5 пайызға артта.

Хабар 24 телеарнасы