378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэла Бразилиямен екі ортадағы шекараны ашты

  • 101
  • UPD: 15:33, 11.05.2019
Венесуэла Бразилиямен екі ортадағы шекараны ашты

Венесуэла Бразилия және Аруба аралымен шекараны қайта ашты. Бұл туралы осы елдің вице-президенті Тарек Эль-Айссами мәлімдеді.

Айта кетейік, ресми Каракас Бразилиямен шекараны ақпанның 21-і күні шетелден жіберілген гуманитарлық көмекті кіргізбес үшін жапқан болатын. Ал сол айдың соңына таман Аруба, Кюрасао және Бонэйр аралдарымен де байланысты тоқтатқан. Себебі Мадуро Венесуэлаға жіберіліп жатқан көмек мемлЕкеттегі билікті құлатуға бағытталған әрекет деп бағалаған. Салдарынан Бразилия, Колумбиямен шекара маңында қақтығыстар болып, ондаған тұрғын жарақат алған еді.

Тарек Эль-Айссами, Венесуэланың экономика вице-президенті:

- Венесуэла қазір тек Бразилия және Аруба аралымен шекараны қайта ашып отыр. Бірақ біздің мемлекетке қастық пиғылдағы өзге елдермен шекара жабық болып қала береді. Өйткені бұл мемлекеттер елдің тұрақтылығна қауіп төндіріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы