378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


 Хуситтер Ходейдадан өз күштерін шығара бастады

  • 64
  • UPD: 07:20, 12.05.2019
 Хуситтер Ходейдадан өз күштерін шығара бастады Газета «День

Йеменде хусит бүлікшілері Ходейда порты мен Салифа және Рас-Иса теңіз айлағынан өз күштерін шығара бастады.

Атысты тоқтату процессі БҰҰ бақылаушыларының қадағалауымен жүзеге асырылуда. Әзірге шара қалыпты жағдайда өтуде. Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында президент Абд Раббу Мансур Хади үкіметі мен хусит бүлікшілерінің делегациясы Швецияда келіссөз өткізіп, Ходейдамен тағы бірнеше қаладағы әскери қимылдарды тоқтату туралы келісімге келген. Уағдаластыққа сәйкес хуситтер бұл шаһарлардан өз жасақтарын алып кетуі тиіс болатын. Бірақ келісім бірнеше рет бұзылып, бүлікшілер бұл порттардан шығудан бас тартып келген еді.

Хабар 24 телеарнасы