388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода эбола дертінен қаза тапқандардың саны мыңнан асты

  • 397
Конгода эбола дертінен қаза тапқандардың саны мыңнан асты kino.mail.ru

Конго демократиялық республикасында өткен жылдың шілде айынан эбола дертінен қаза тапқандардың саны мыңнан асты.

Тағы 1 жарым мыңнан астам тұрғын қауіпті дертті жұқтырған. 444 науқас жұқпалы аурудан айығып, сауығып кеткен. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Ал халықаралық ұйым өкілдерінің айтуынша, Конгода эбола дерті тез таралуда. Оған елдің шығысындағы қарулы қақтыстар себеп. Айта кетейік, Конго демократиялық республикасында эбола безгегі былтыр жазда өршіген. Содан бері дертке қарсы түрлі шаралар жүзеге асырылып, 95 мыңнан астам адам жұқпалы дертке қарсы егілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы