384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хафтар Ливиядағы Сирт қаласын шабуылдауға дайындалып жатыр

  • 461
Хафтар Ливиядағы Сирт қаласын шабуылдауға дайындалып жатыр

Ливияда генерал Халифа Хафтар Сирт қаласын шабуылдауға дайындалып жатыр.

Триполиден 500 шақырымдай жерде орналасқан шаһарға қарай жасақтар аттандырылған. Хафтардың мақсаты – Фаиз Сарадж үкіметінің қолындағы Сиртті бақылауына алып, Мисурата шаһары арқылы Триполиге қарай жаңа майдан ашу. Еске сала кетейік, генерал Хафтар сәуірдің бас кезінде Триполидегі Сарадж үкіметіне қарсы шабуылды бастаған еді. Бірақ шаһарды ала алмады. Ал Сирт қаласы – Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің туған жері. 2011 жылы шайқас кезінде шаһардың тас талқаны шыққан. Ал 2015 жылы оны «Ирак және Левант лаңкестік ұйымы» жаулап алып, қала қарулы топтардан 2016 жылдың желтоқсан айында ғана азат етілді.

Хабар 24 телеарнасы