389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде автобус аударылып, 52 адам жарақат алды

  • 304
Чилиде автобус аударылып, 52 адам жарақат алды Корреспондент.net

Чилиде жолаушылар толы автобус апатқа ұшырап, 6 адам қаза тапты.

Тағы 52 жолаушы жарақат алды. Оқиға елдің Араукания аймағында орын алды. Автобус жүргізушісі тасжолда жүк көлігімен соқтығысып қалмайын деп шұғыл әрекет еткен. Бірақ қатты жылдамдықпен келе жатқан автобус жолдың шетіне шығып, аударылып қалған. Жапа шеккендер тез арада ауруханаларға жеткізілді. Жарақат алғандардың кейбірінің халі мүшкіл. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы