378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда танымал тілші оққа ұшты

  • 108
Ауғанстанда танымал тілші оққа ұшты

Ауғанстанда лаңкестер танымал тележүргізуші, әйел құқықтарын қорғаушы Мену Мангальды атып кетті.

Полицияның мәлімдеуінше, Мангальға қастандық сенбі күні таңғы 7 шамасында жасалған. Мотоциклге отырған екі адам журналист жұмысқа бармақ болып, көлікті тосып тұрғанда атқан. Айта кетейік, соңғы уақытта Мену Мангаль ел парламентінде мәдениет бойынша кеңесші болып жұмыс істеген. Әлеуметтік желіде ауған әйелдерінің жұмыс пен оқу құқытарын қорғап, телеарналарда түрлі бағдарлама жүргізген журналистке соңғы айларда қоқан-лоқы көрсету күшейгенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы