379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та мұнай тиеген 2 баржа мен танкер соқтығысып қалды

  • 101
АҚШ-та мұнай тиеген 2 баржа мен танкер соқтығысып қалды

АҚШ-тың Хьюстон қаласына жақын жерде екі баржа мен танкер соқтығысып, суға 9 мың баррель мұнай төгілді.

Оқиға теңіз айлағына жақын жерде орын алды. Танкер мұнай тиелген баржаларды қағып, оның бірінің бүйірі тесіліп қалған. Кемелердің соқтығысуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір төтенше жағдайлар қызметі апаттың салдарымен күресіп жатыр. Шикізат теңізге әлі ағып жатыр. Кей мәліметтерге қарағанда, әр баржада 15 мың баррель мұнай болған көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы