378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кубада экономикалық дағдарыс күшейді

  • 154
Кубада экономикалық дағдарыс күшейді

Кубада экономикалық дағдарыс күшейіп, билік елде кей азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттарды мөлшерлеп сатуға көшті.

Әзірге шектеу тауық, шұжық, жұмыртқа, күріш, сабын сынды тауарларға енгізілген. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, дағдарысқа АҚШ-тың санкциялары себеп. Сауда эмбаргосынан елге тауар тасымалдау қиындаған. Бірақ сарапшылар дағдарыс сыртқы қысым емес, Куба өндірісінің әлсіздігі және елдің Венесуэлаға тәуелділігінен туындап отыр дейді. Және де қазіргі ахуалдың 1990 жылғы КСРО құлағаннан кейінгі жағдайға ұқсастығын айтады. Ал ресми дерекке сүйенсек, аралды ел жыл сайын өзі тұтынатын тауарлардың үштен екісін шетелден импорттайды екен.

Бетси Диас, Куба ішкі сауда министрі:

– Қазіргі жағдай АҚШ-тың санкцияларынан және осы елден импортталатын тауарларға тәуелділіктен туындап отыр. Үкімет мәселені шешудің жолдарын қарастыруда. Сондықтан кей тауарларға тапшылық туындамас үшін уақытша шектеу шаралары енгізілген.

Хабар 24 телеарнасы