378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хьюстонда 9 мың баррель мұнай теңізге төгілді

  • 134
  • UPD: 17:35, 12.05.2019

АҚШ-тың Хьюстон қаласына жақын жерде екі баржа мен танкер соқтығысып, суға 9 мың баррель мұнай төгілді.

Оқиға теңіз айлағына жақын жерде болды. Танкер мұнай тиелген баржаларды қағып өтіп, оның бірінің бүйірі тесіліп қалған. Кемелердің соқтығысуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазір төтенше жағдайлар қызметі апаттың салдарымен күресіп жатыр. Шикізат теңізге әлі ағып жатыр. Кей мәліметтерге қарағанда әр баржада 15 мың баррель мұнай болған көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы